-A A +A

Әділет министрлігі журналистерге арналған конкурс жариялайды

MinJust - Қазақстан Республикасының әділет жаңалықтары сайты баспа, электрондық және аудиовизуалды бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында халықаралық төрелік және соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру жөніндегі Әділет министрлігінің жұмысын үздік жариялауға ашық шығармашылық конкурс жариялайды.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

- азаматтардың құқықтық сана-сезімін және құқықтық ақпараттандырылуын арттыру, бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның шетелдік төрелік және соттар алдындағы беделін тұрақты нығайту жөніндегі Әділетминінің жетістіктерін неғұрлым объективті және жанжақты көрсету;

- төрелік және соттарда мемлекеттің мүдделерін білдіру бойынша ӘМ-нің жетістіктерін түсіндіріп тарату.

Конкурсқа республикалық, облыстық, қалалық баспа басылымдарының, телерадиокомпаниялардың, ақпарат агенттіктерінің журналистері қатыса алады. Жеңімпаз Лондонда өтетін ағымдағы сот процестері шеңберіндегі іс-шараларға қатысу құқығына ие болады.

Конкурсқа 2019 жылғы 1 маусым мен 2019 жылғы 1 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 1 қараша мен 1 желтоқсан (қоса алғанда) аралығында электронды пошта немесе пошта арқылы мына мекен-жайда қабылданады: немесе 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел 8 даңғылы, Министрліктер үйі, 13 кіреберіс, 1056 бөлме, «Конкурсқа» деген белгілеумен, байланыс телефондары: 8 (7172)  74-06-01, 55-47-01.

Конкурс туралы барлық ақпаратпен http://adilet.gov.kz (/sites/default/files/files/polozhenie-o-konkurse-myu-kaz.docx)  сайтында танысуға болады.

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

8 (7172)  74-06-01, 55-47-01.