-A A +A

Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отыз жетінші отырысының ХАТТАМАСЫ

 Күн тәртібі:

 
1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті күшейту мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер (баяндамашылар – ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі (қаржы полициясы), ҚР Парламентңнің депутаттары Р. Сарпеков, Ж Асанов);
2. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті ұйымдарда POS-терминалдардың болмау жағдайында айыппул санкциясын қолдану функциясын салық органдарына беру мәселесі бойынша ӘҚБК-ке көзделген түзетулер, (баяндамашы – Қаржы министрлігі);
3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және әкімшілік есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер (баяндамашы – ҚР Статистика жөніндегі агентігі);
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсiп палаталары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер (баяндамашы - ҚРИндустрия және сауда министрлігі);
5.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды тұрғылықты жер орнында тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер. (баяндамашы - Әділет министрлігі).
 
__________________________
 
 
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша төмендегідей шешім қабылданды:
1. Бірінші сұрақ бойынша:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық  актілеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті күшейту мәселелер бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер мақұлдансын.
2. Екінші сұрақ бойынша:
- Төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті ұйымдарда POS-терминалдардың болмау жағдайында айыппул санкциясын қолдану функциясын салық органдарына беру мәселесі бойынша ӘҚБК-ке көзделген түзетулер жалпы мақұлдансын.
3. Үшінші сұрақ бойынша:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және әкімшілік есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер мақұлдансын;
4. Төртінші сұрақ бойынша:
- баяндамашының келмеуіне байланысты (ҚРИндустрия және сауда министрлігі) сұрақ күн тәртібінен алынып тасталынды.
5. Бесінші сұрақ бойынша:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтарды тұрғылықты жер орнында тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер жалпы мақұлдансын;
- бұл ретте әзірлеушіге түзетулерді комиссия мүшелерінің ескертулерін ескере отырып пысықтау ұсынылсын.
 
 
Комиссия төрағасының
орынбасары                                                                        Д. Құсдәулетов
 
 
Комиссия хатшысы                                                            Е. Жұмағұлов