-A A +A

Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның оң жетінші отырысының ХАТТАМАСЫ

Астана қаласы                                                                                       2009 жылғы 26 қантар

 
Төрағалық етті:                                                                        Қазақстан Республикасының
                                                                                                   Әділет вице-министрі   
                                                                                                   Д.Р. Құсдәулетов
 
 
Қарастырылатын мәселелер:
 
            1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (баяндаушы-ӘМ);
 
            2. Азаматтық кодексіне басқа ұсыныстар (баяндаушы – ЗИ, ӘМ, ҚНРА, Еңбекмині, ЖС, ҚП).
 
Шешім шығарды:
 
            1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша:
            - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне енгізілетін түзетулерді қолдау;
 
            2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша:
            1) Азаматтық кодекстің 3-бабы 3-тармағына түзетулерді «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы шеңберінде орынсыз деп тану. Әділет министрлігі Ауыл шаруашылық министрлігімен, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен, Халық Банкімен, Қаржы министрлігімен және ғалым-заңгерлермен бірлесіп не көрсетілген ұсыныстарды пысықтап оны келесі комиссиясының кезекті отырысына қосымша шығарсын;
            2) жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаның банкроттық институтын енгізуге қатысты, Қаржы министрлігі Заң шығару институтымен бірігіп осы мәселені пысықтауды және тиісті заң жобасына тұжырымдама дайындауды ұсынсын. Нәтижесі туралы комиссияның кезекті отырысында баяндасын.
            3) акционерлік қоғамды коммерциялық емес ұйым нысан ретінде құру мүмкіндігін алып тастауға қатысты - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы шеңберінде орынсыз деп тану. Заңнамалық институтына, Әділет министрлігіне, Қаржы министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне осы мәселені қосымша пысықтасын. Комиссияның кезекті отырысының нәтижелері туралы баяндасын;
                4) банктік қызмет көрсету шартына қатысты Азаматтық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы шеңберінде орынсыз деп тану. Осы мәселені Заңнамалық институтына, Әділет министрлігіне, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігіне және Халық Банкінеке қосымша пысықтауды ұсынсын. Нәтижесі туралы комиссияның кезекті отырысында баяндасын;
            5) Қаржы министрлігінің Азаматтық кодексінің 933-бабына өзгерістер енгізу бойынша ұсынысы - орынсыз деп танылсын;
            6) Бәсекелестікті қорғау агенттігінің Азаматтық кодекстің 10 - бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынысы – орынды деп танылсын.
 
 
Қазақстан Республикасының
            Әділет вице-министрі                                                                     Д. Құсдәулетов