-A A +A

Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның екі жүз тоқсан бесінші отырысының хаттамасы

(2013 жылғы 28 наурыз, ашық дауыс беру)

 

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының орындалу барысы туралы (баяндамашы – Әділет министрінің орынбасары – Баймолдина Зәуреш Хамитқызы);

Шешті:

Мемлекеттік органдарға:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2013 жылға арналған жоспарымен белгіленген заң жобаларын енгізу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

- Үкіметке, Әділет министрлігіне енгізу мерзімі ағымдағы жылдың сәуір айына белгілеген Заң жобалары бойынша олардың мерзімінде енгізілуін қамтамасыз ету;

- Жоспардан тыс заң жобаларының санын азайту жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

2. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобаларды қарастыру:

2.1 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – Парламент Мәжілісінің депутаты Перуашев Азат Тұрлыбекұлы);

Шешті:

- Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, мақсатқа сай деп танылсын.    

2.2 «Астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттарын ұстаушылары алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттарын ұстаушылары алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы (баяндамашы – Парламент Мәжілісінің депутаты Ибраев Төлеген Төқтасынұлы)

Шешті:

- Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген «Астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттарын ұстаушылары алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттарын ұстаушылары алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, мақсатқа сай деп танылсын.

3. Заңнамалық актілердің тұжырымдамаларының жобасын қарастыру:

3.1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі жобасының және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамалары (баяндамашы – Әділет министрінің орынбасары Баймолдина Зәуреш Хамитқызы)

Шешті:

- тұжырымдамалар мақұлдансын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жобасы мен оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу мақсатқа сай деп танылсын.

Бұл ретте, Өңірлік даму министрлігіне а.ж. сәуірінде Кәсіпкерлік кодекстің жобасына енгізу үшін микро, аз, орташа және iрi бизнес ұғымдарын айқын шектеуіне бағытталған нормалардың тұжырымдалған редакциясын Әдiлет министрлiгiне енгізу бойынша ұсыныс беру, cондай-ақ Кәсіпкерлік кодекстің жобасын әзiрлеу кезінде жедел өзара iс-әрекет ету үшiн құзыреттi тұлға бекіту бойынша кеңес берілсін.

3.2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Құрманғалиева Аида Дәденқызы)

Шешті:

  • тұжырымдама  мақұлдансын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, әзірлеу мақсатқа сай деп танылсын.

4. «Қазақстан Республикасы туристік саласының 2020 жылғы дейінгі дамуы тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын қағидаларын қарастыру (баяндамашы – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Бектібаев Данияр Раушанбекұлы).

 

Шешті:

  • «Қазақстан Республикасы туристік саласының 2020 жылғы дейінгі дамуы тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын қағидаларының қарауын кейінге қалдыру.

 

 

Комиссия төрағасы –

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі                                                                           Б. Имашев