-A A +A

Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның екі жүз тоқсан төртінші отырысының хаттамасы

(2013 жылғы 13 наурыз, ашық дауыс беру)

 

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарының орындалу барысы туралы (баяндамашы – Әділет министрінің орынбасары – Баймолдина Зәуреш Хамитқызы);

 

Шешті:

Мемлекеттік органдарға:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2013 жылға арналған жоспарымен белгіленген заң жобаларын енгізу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

- Үкіметке, Әділет министрлігіне енгізу мерзімі ағымдағы жылдың сәуір айына белгілеген Заң жобалары бойынша олардың мерзімінде енгізілуін қамтамасыз ету;

- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Үкіметке және Парламентке енгізуді жеделдету жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау;

- Жоспардан тыс заң жобаларының санын азайту жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылсын.

 

2. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген «Жайылымдар туралы» заң жобасын қарау (баяндамашы – Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсебаев Жексенбай Қартабайұлы);

 

Шешті:

- Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленген «Жайылымдар туралы» заң жобасы Ведомствоаралық комисия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, мақсатқа сай деп танылсын.

 

3. Заң жобаларының тұжырымдамаларын қарау:

 

3.1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйден шығару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – Әділет министрінің орынбасары – Баймолдина Зәуреш Хамитқызы);

 

Шешті:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үйден шығару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы мақұлдансын және оны әзірлеу мақсатқа сай деп танылсын.

 

3.2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – Қаржы вице-министрі Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы);

 

Шешті:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы Ведомствоаралық комисия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып мақұлдансын және оны әзірлеу мақсатқа сай деп танылсын.

 

3.3. «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы – Өңірлік даму вице-министрі Жұманғарин Серік Мақашұлы);

 

Шешті:

  •  «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы мақұлдансын және оны әзірлеу мақсатқа сай деп танылсын.

 

3.4. «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  (баяндамашы – Өңірлік даму вице-министрі Жұманғарин Серік Мақашұлы);

 

Шешті:

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобаларының тұжырымдамалары мақұлдансын және оларды әзірлеу Ведомствоаралық комисия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып мақсатқа сай деп танылсын.

 

 

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1778 қаулысымен бекітілген) (бұдан әрі  -Жоспар) түзетулер енгізуге байланысты мәселелерді қарау.

 

4.1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика объектілерінің жұмысын бақылау мен қадағалауды ұйымдастырудың нақты және тиімді жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының атауын өзгерту (баяндамашы – Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Алиакпаров Айдар Қуанышұлы) бөлігінде

 

Шешті:

  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика объектілерінің жұмысын бақылау мен қадағалауды ұйымдастырудың нақты және тиімді жүйесін қалыптастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының атауын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика объектілерінің жұмысын бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп өзгерту бойынша мәселе мақұлдансын.

 

4.2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыру қағидаттарына негізделген қаржы лизингін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарынан алып тастау (баяндамашы – Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Құсайынов Марат Апсеметұлы);

 

Шешті:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыру қағидаттарына негізделген қаржы лизингін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарынан алып тастау мақсатқа сай деп танылсын.

 

4.3. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Үкімет пен Парламентке енгізудің мерзімдерін ауыстыру (баяндамашы – Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Төлеушин Қаныш Аманбайұлы);

 

Шешті:

- «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын Үкімет пен Парламентке енгізудің мерзімдерін ауыстыру туралы мәселесі келесі мерзімдермен мақұлдансын: Үкіметке – сәуір, Парламентке – маусым.

 

5. Әскери, нысанды және арнайы киім мен айырым белгілерін еркін өткізуді заңнамалық шектеу мәселесін қарау (баяндамашы – Ішкі істер министрінің орынбасары Күренбеков Амантай Жанкейұлы);

 

Шешті:

- Әскери, нысанды және арнайы киім мен айырым белгілерін еркін өткізуді заңнамалық шектеу мәселесін мақұлдау мақсатқа сай деп танылсын.

 

 

Комиссия төрағасы –

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі                                                                           Б. Имашев