-A A +A

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның екі жүз тоқсаныншы отырысының хаттамасы

(2012 жылғы 28 желтоқсан, сырттай дауыс беру)

 

         1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына енгізу мәселесін қарастыру

         Шешім:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына енгізуін мақұлдау

        

         2. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына енгізу мәселесін қарастыру

         Шешім:

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына енгізуін мақұлдау  

 

         3. Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

«Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына енгізу мәселесін қарастыру

         Шешім:

«Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» заң жобасын Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2013 жылға арналған жоспарына енгізуін мақұлдау

 

        

         Қазақстан Республикасының

         Әділет министрі –

         комиссия  төрағасы                                                                   Б. Имашев