-A A +A

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның екі жүз жетпіс сегізінші отырысының хаттамасы

(2012 жылғы 26 қараша, сағат 17.00, Астана қ , Министрліктер үйі, 13 кіреберіс,№841 кабинет)

 

Төрағалық еткен:  Қазақстан Республикасының Әділет министрі – Комиссияның төрағасы – Берік Мәжитұлы Имашев.

Қатысты: тізім бойынша

 

1. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарының орындалу барысы туралы (баяндаушы – Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Хамитқызы Баймолдина).

Шешім:

1. Ақпаратты қабылдау

2. Мемлекеттік органдар Үкіметтің 2012 жылға арналған заң жобалау жоспарында Парламентке қараша айында енгізу мерзімі көзделген заң жобалары бойынша келісуді жеделдету және енгізу бойынша шаралар қабылдасын. 

3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі «Мемлекеттік қызметтер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының енгізу мерзімін желтоқсан айына ауыстыруды жеделдетсін.

        

2. Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарау (баяндаушы – Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Арапқызы Айсина).

Шешім:

Заң жобасын мақұлдау және «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңының жобасын әзірлеу мақұлдансын және мақсатқа сай деп танылсын.

        

3. Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау (баяндаушы – Парламент Мәжілісінің депутаты Шавхат Әнесұлы Өтемісов).

 Шешім:

Баяндаушы Парламент Мәжілісінің депутаты Шавхат Әнесұлы Өтемісовтің ВАК отырысына келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутатары бастамашылық еткен «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы күн тәртібінен  алынсын.

 

4. Күн тәртібінің төртінші мәселесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Жайылымдар туралы» заң жобасын қарау (баяндаушы – Парламент Мәжілісінің депутаты Жексенбай Қартабайұлы Дүйсебаев).

Шешім:

Баяндаушы Парламент Мәжілісінің депутаты Жексенбай Қартабайұлы Дүйсебаевтің ВАК отырысына келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутатары бастамашылық еткен «Жайылымдар туралы» заң жобасы күн тәртібінен  алынсын.

        

5. Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау (баяндаушы – Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Арапқызы Айсина).

Шешім:

Заң жобасын мақұлдау және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруді ұйымдастыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңының жобасы мақұлдансын және жобаны әзірлеу мақсатқа сай деп танылсын.

 

6. Күн тәртібінің алтыншы мәселесі бойынша:

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тұжырымдамасын қарау (баяндаушы – Экономикалық даму және сауда вице-министрі Абай Мұқашұлы Ескендіров).

Шешім:

Баяндаушы Экономикалық даму және сауда вице-министрі - Абай Мұқашұлы Ескендіровтің ВАК отырысына келмеуіне байланысты «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы күн тәртібінен  алынсын.

        

7. Күн тәртібінің жетінші мәселесі бойынша:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық бақылау актілерін орындау бойынша тиімді механизмдер қабылдау мәселелері жөнінде өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарау (баяндаушы – Республикалық бюджеттін атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Александр Викторович Горяинов).

Шешім:

Заң жобалау мәселесі бойынша Ведомствоаралық комиссияның мүшелері берген ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық бақылау актілерін орындау бойынша тиімді механизмдер қабылдау мәселелері жөнінде өзгерістер енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасы мақұлдансын.

 

8. Күн тәртібінің сегізінші мәселесі бойынша:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау мен өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасын қарау (баяндаушы – Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Сейтғали Жәлмұхамедұлы Мулькин).

Шешім:

Тұжырымдаманы мақұлдау және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринарлық-санитарлық бақылау мен өсімдіктер карантині бойынша бақылау функцияларын кеден органдарына беру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы мақұлдансын және жобаны әзірлеу мақсатқа сай деп танылсын.

 

        

         Қазақстан Республикасының

         Әділет министрі –

         комиссия  төрағасы                                                                 Б. Имашев