-A A +A

Тараз қаласындағы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасында «Сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстарын ұйымдастыру» атты тақырыпта өңірлік семинар-кеңес болып өтті

2008 жылғы 14-15 қараша аралығында Тараз қаласындағы Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасында  «Сотталғандарды бостандыққа дайындау жұмыстарын ұйымдастыру» атты тақырыпта өңірлік семинар-кеңес болып өтті.  
Аталған семинарға Алматы қаласы және Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары бойынша ҚАЖ комитеті басқарма бастықтарының тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен тәрбие бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Семинар - кеңес  Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК басқармасы бастығы әділет полковнигі Ә. Тохтаровтың баяндамасымен ашылып, ҚАЖ комитеті Тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы, әділет подполковнигі Жанат Кешубаевтың сөзімен жалғасты. Сонымен қатар, аталған шараға Жамбыл облысы бойынша ІІД-нің профилактикалық қызметтің бастығы Қ. Құлсеріков, Тараз қаласының халықты әлеуметік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы О. Хаирбеков және қалалық әкімшілік өкілі З. Мадибраимова сияқты қонақтармен қатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. 

 

 Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті