-A A +A

Үкімет жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 173 отырысының ХАТТАМАСЫ

(2008-жылғы 11-тамыз, сағ. 17.00  Әділет министрлігінің ғимараты, № А841 каб)

1. Үкіметтің 2008 жылға арналған заң жобалау жұмыстары Жоспарын орындау барысы туралы (баяндамашы - ӘМ);
2. «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламенттен  қайтару туралы мәселені қарау (баяндамашы –ИСМ; Премьер-Министрдің ү.ж. 14-шілдедегі № 17-66/002-715 (п. 240.2);

3. «Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын «Жер қойнау мен жер қойнауын пайдалану туралы» (жаңа редакция) заң жобасымен біріктіру мәселені және Үкіметтің 2008-жылға арналған заң жобалау жұмыстарының 52-тармағын алып тастау туралы мәселені қарау (баяндамашы –ЭМРМ);

4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне фитосанитарлық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашылар –АШМ, ЭБЖМ; ПМК Басшысының  ү.ж. 31-шілдедегі № 17-53/002-781 (п. 1.33);

5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (баяндамашы –ҚПА).

*******************

Шешті:
 1. Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша:
- 2008-жылға жоспарланған заң жобаларын әзірлеуге жауапты Үкіметтің 2008-жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарында көзделген заң жобаларын уақытынын бұран енгізу үшін тиісті шаралар қолдансын;
         - қаржы, ауыл шараушылығы, әділет, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктеріне, Жер ресурстарын басқару агенттігіне тиісті заң жобаларын Үкіметке енгізу үшін барлық қажетті шараларды қолдануы ұсынылсын.
2. Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша:
 - «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламенттен  қайтару туралы мәселені қарауды пысықтау үшін кейінгіге қалдырылсын;
 3. Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша:
 - «Мұнай операцияларын жүргізу саласындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын «Жер қойнау мен жер қойнауын пайдалану туралы» (жаңа редакция) заң жобасымен біріктіру орынды деп танылсын;
 - Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Үкіметтің 2008-жылға арналған заң жобалау жұмыстарының 52-тармағын алып тастау туралы Үкіметтің қаулы жобасын әзірлеу ұсынылсын.
            4. Күн тәртібінің төртінші сұрағы бойынша:
             - баяндамашы - Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің бастамасы бойынша сұрақты қарау күн тәртібінен алынсын;
            5. Күн тәртібінің бесінші сұрағы бойынша:
               - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жалпы мақұлдансын, бұл ретте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) заң жобасын Бас прокуратураның жанындағы Қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу заңнамасын және жедел іздестіру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының және Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ведомтствоаралық комиссияның қарауына жолдау ұсынылсын.

 

Комиссияның Төрайымы-
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі                                                                                                        З. Балиева