-A A +A

Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отыз екінші отырысының хаттамасы

                                         (Министрліктер үйі, № А841 каб., 2008 жылғы 30 маусым, сағ. 16.00)

 Күн тәртібі:
1. «ҚР кейбір заңнамалық  актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер (баяндамашы – Қаржы министрлігі);
2. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер (баяндамашы – Парламент Мәжілісінің депутаты   Асанов Ж.);
3. «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер (баяндамашы – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі).
4. «Азаматтық авиацияларда ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесі жөнінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер (баяндамашы – Көлік және коммуникация министрлігі);

***************

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша төмендегідей шешім қабылданды:
1. Бірінші сұрақ бойынша:
1) «ҚР кейбір заңнамалық  актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер жалпы орынды деп танылсын;
2) баяндамашыға Комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып ӘҚБК-ке көзделген түзетулердің редакциясын  пысықтау ұсынылсын;
2. Екінші сұрақ бойынша:
1) «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер жалпы мақұлдансын;
2) баяндамашыға Комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып ӘҚБК-ке көзделген түзетулердің редакциясын  пысықтау ұсынылсын;
3. Үшінші сұрақ бойынша:
«ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерiн пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер орынсыз деп танылсын;
4. Төртінші сұрақ бойынша:
1) «Азаматтық авиацияларда ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесі жөнінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен ӘҚБК-ке көзделген түзетулер жалпы орынды деп танылсын;
2) баяндамашыға Комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып ӘҚБК-ке көзделген түзетулердің редакциясын  пысықтау ұсынылсын;

Төрағалық етуші,
Қазақстан Республикасының
Әділет Вице-министрі                                                                                     Д. Құсдәулетов