-A A +A

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу тәртібі

Егер «Нотариат туралы» Заңда өзгеше көзделмесе, жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, нотариуста кемінде бір жыл мерзіммен тағылымдамадан, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматы нотариус бола алады

Нотариаттық қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады.

2011 жылғы 15 тамыздан бастап нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия тек электрондық түрде беріледі.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартымен реттелген.   

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін келесі қажет: 

1 қадам.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам аумақтық әділет органымен немесе аумақтық нотариаттық палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасады.

Бір нотариустан бір мезгілде екеуден аспайтын тағылымдамадан өтуші тағылымдамадан өте алады.

Заңгер мамандығы бойынша кемiнде бес жыл өтілі бар адамдар үшiн аумақтық әдiлет органы мен нотариаттық палатаның бiрлескен шешiмiмен тағылымдаманың мерзiмi қысқартылуы мүмкiн. Тағылымдаманың ұзақтығы үш айдан кем болмауы керек.

Тағылымдамадан өту Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 36 бұйрығымен бекітілген тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлаудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Тағылымдамадан өту аяқталған соң нотариус тағылымдамадан өтушінің кәсіптік даярлау бағдарламасын орындағанын көрсететін қорытынды дайындайды, ол он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен бекітіледі. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасын тағылымдамадан өтуші толық меңгермеген жағдайда оған қосымша уақыт беріледі.

Терiс себептермен атқарып жүрген қызметінен босатылғандарды қоспағанда, мемлекеттік нотариустың жұмыс өтілі бар адамдар тағылымдамадан өтпейді.

2 қадам.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестациядан өту.

Тағылымдамадан өткен тұлғалар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарында құрылған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестациялық комиссияларда аттестациядан өтеді (бұдан әрі - Комиссия).

Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығымен бекітілген, тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттау Ережесімен анықталады.

Аттестациядан өтуге өтініш үміткердің тұрғылықты жері бойынша аумақтық әділет органының мекенжайына аумақтық әділет органының кеңсесі арқылы немесе «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы жіберіледі (бұдан әрі - портал).

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестациядан өтуге рұқсат туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1) ақпараттар нысаны;

2) Әділет органдарына ұсынғанға дейін бір айдан кем болмайтын мерзімде үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтамалар (құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады);

3) заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі, тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған (құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады).

Тиісінше рәсімделмеген немесе толық емес құжаттардың пакетін ұсынған жағдайда, өтініш ұсынылған құжаттармен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдарымен үміткерге қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қараусыз, қайтарудың себебі туралы жазбаша хабарламамен қайтарылады.

Егер үміткер «Нотариаттық қызмет туралы» ҚР Заңымен белгіленген талаптарға сәйкес келмесе аттестацияға қабылданбайды.

Аттестацияға қабылдамау туралы шешім аумақтық әділет органдарымен үміткерге өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Аттестацияға қабылдамауды сотта заңмен белгіленген тәртіппен шағымдауға болады.

Аттестаттауға жіберілген үміткер жазбаша түрде немесе портал арқылы электронды түрде аттестацияның өткізілетін орны, күні, уақыты туралы оның өткізілуіне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

Аттестация Комиссиямен қажет болған жағдайда жүргізіледі, бірақ кем дегенде тоқсанына бір рет.

Аттестация екі кезеңнен тұрады:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білу үшін компьютерлік тестілеуді тапсыру;

2) емтихан билеттерi бойынша үміткердің білiмiн тексеру

Үміткер өз таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі аттестаттаудан өтуге құқылы.

Тестілеу компьютерлік техника көмегімен жүзеге асырылады.

Аттестация процедурасы аттестациялық кабинеттер компьютерлерін Министрліктің онлайн тестілеу жүйесінің серверіне қосу арқылы жүзеге асыруды көздейді.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестациялық комиссия отырыстарының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін аудио және (немесе) бейнежазба немесе стенографиялау жасалады.

Аттестацияның нәтижелері бойынша Комиссия аттестациядан кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттау немесе аттестаттамау туралы дәлелді шешім шығарады.

Комиссияның аттестация туралы шешімі оны шығарған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды.

Аттестациялық комиссияның шешімін сотта заңмен белгіленген тәртіппен шағымдауға болады.

Дәлелді себеп бойынша аттестацияға келмеген үміткер Комиссияның кезекті отырысына шақырылады.

Үміткер қайтадан келмеген жағдайда оның өтініші қараусыз қалады және оған ұсынылған құжаттармен бірге қайтарылады.

Комиссия жеті мүшеден - екі нотариустан тұрады, оның ішінде нотариалдық палатаның төрағасы, аумақтық әділет органының екі өкілі, заңгер ғалым және мәслихаттың екі депутаты. 

Аттестациядан келесі тұлғалар босатылады:

  1. Қазақстан Республикасы әділет Біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған тұлғалар;

2.    тұрақты судьялар мен тұрақты судьялар ретінде жұмыс істеген тұлғалар, өз міндеттерін орындау кезінде жаман атқа қалдыратын қылық немесе заң бұзушылықтары үшін судья қызметінен босатылған судьялардан басқа;

3.    мемлекеттік нотариустар.

3 қадам.

Лицензия келесі тұлғалар санатына беріледі:

1. Нотариуста тағылымдамадан өткен және Комиссияда аттестаттаудан өткендерге;

2. Қазақстан Республикасы әділет Біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырғандарға;

3. Тұрақты судьялар мен тұрақты судьялар ретінде жұмыс істеген тұлғаларға, өз міндеттерін орындау кезінде жаман атқа қалдыратын қылық немесе заң бұзушылықтары үшін судья қызметінен босатылған судьялардан басқа;

4. Мемлекеттік нотариустар.

Лицензия алу үшін мекенжайға төменде көрсетілген құжаттарды жолдау қажет: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к.-8, Министрліктер үйі, № 13 кіреберіс, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы:

1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін жеке тұлғаның өтініші;

2) белгіленген нысандағы нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін ақпарат нысаны;

3) ЭҮТШ арқылы төленетiн жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

4) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша қызмет берушіге ұсынғанға дейiн бiр айдан кем болмайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ақпарат көрсетумен наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтама - тұрақты судьяларға талап етілмейді.

5) заңгер мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).

Лицензиялық алым жергілікті бюджетке төленеді.

Алушының банкі: Қазынашылық басқармасы

Алушы: Тіркеу орны бойынша Салық комитеті

Бюджеттік сыныптама коды: 105 402

Сомасы: 6 АЕК

 4 қадам

Лицензия лицензиатқа «E-лицензиялау» http://www.elicense.kz интернет-порталы арқылы арқылы электронды түрде өтініш берген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.  

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру туралы хабарлама өтініште лицензиат көрсеткен мекен-жайға жіберіледі.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны қайта рәсімдеу үшін мекенжайға төменде көрсетілген құжаттарды жолдау қажет: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к.-8, Министрліктер үйі, № 13 кіреберіс, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы:

1) мемлекеттік қызметтің осы стандартындағы 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін жеке тұлғаның өтініші;

2) ЭҮТШ арқылы төленетiн жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi, лицензиялық алымның сомасы 6 АЕК-тен 10% -ды құрайды;

3) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша қызмет берушіге ұсынғанға дейiн бiр айдан кем болмайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ақпарат көрсетумен наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтама;

4) тегі, аты және әкесінің аты өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер бар болса) (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).

Қағаз түрінде рәсімделген, бұрын берілген лицензия қайтарылуға жатады.

Лицензия лицензиатқа «E-лицензиялау» http://www.elicense.kz интернет-порталы арқылы арқылы электронды түрде өтініш берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.  

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның телнұсқасын алу үшін мекенжайға төменде көрсетілген құжаттарды жолдау қажет: 010000, Астана қ., Сол жағалау, Орынбор к.-8, Министрліктер үйі, № 13 кіреберіс, НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz немесе «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «E-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы арқылы:

1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтініш;  

2) ЭҮТШ арқылы төленетiн жағдайларды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi, лицензиялық алымның сомасы 6 АЕК құрайды;

3) лицензияны жоғалту жөнінде мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауды растайтын құжат;

4) қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша қызмет берушіге ұсынғанға дейiн бiр айдан кем болмайтын мерзімде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ақпарат көрсетумен наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден алынған анықтама;

Қағаз түрінде рәсімделген, бұрын берілген лицензия қайтарылуға жатады.

Лицензияның телнұсқасы лицензиатқа «E-лицензиялау» http://www.elicense.kz интернет-порталы арқылы арқылы электронды түрде өтініш берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.  

Нотариаттық қызметті лицензиялау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер:

1. 16.05.2014 ж. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2. 14.07.1997 ж. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 

3. «Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 27.01.2015 ж. № 56 бұйрығы.

4. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 20.01.2015 ж. № 20 бұйрығы;

5. «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 24.04.2015 ж. № 232 бұйрығы.

Өтініштерді қабылдау, нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру тәртібі

«Нотариат туралы» Заңға сәйкес Нотариустың өзінің тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариус мөрі) не нотариус лицензиясының нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариус мөрі) көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкілері болады.

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін мөрге тапсырысты және оны нотариустарға беруді жүзеге асыруды аумақтық әділет органы жүргізеді.

Жекеше нотариустың мөрін дайындау оның өз қаражаты есебінен, ал, мемлекеттік нотариуске бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Нотариустың мөрін алу тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету Стандартымен реттелген.   

Нотариустың мөрін алу үшін:

1.  өтініш еркін нысанда;

2.  нотариустың мөрін алу үшін құжаттарды ұсынған кезде аумақтық әділет органы құжаттарды алған тұлғаның аты-жөнін және аты-жөнінің бірінші әріптерін, құжаттар пакетін алған күнді және уақытты көрсетіп талон береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

Нотариустың мөрі аумақтық әділет органдарымен 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде тегін нысанда өтініш берген сәттен беріледі.