-A A +A

Мемлекет кепілдік еткен заң көмегін көрсету жүйесінің жағдайы туралы ақпарат

Әркімнің білікті заң көмегiн алу құқығына Қазақстан Респуликасының Конституциясы кепiлдiк береді.
«Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы» Заңына (әрі қарай –Заң) сәйкес адвокаттар мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн беру субъектілері ретінде қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайда және тәртіпте жеке тұлғаларға тегін заң көмегін көрсетеді.
Қазіргі кезде республика бойынша 16 аумақтық адвокаттық алқа жұмыс істейді, ондағы адвокаттар саны 4668 (2016ж. - 4602), оның ішінде 2985 адвокатпен Әділет департаменті (әрі қарай ӘД) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн беру туралы келісімге отырды (2015 ж. – 2 767, 2016 ж. –2 884).
Қазақстан Респуликасының Әділет министрлігі (ҚР ӘМ) 2014 ж.бастап «Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі» 005 бюджеттік бағдарламаның (005 бағдарлама) бірегей администаторы болып белгіленді.
005 бағдарлама бойынша республикалық бюджет қаржысы есебінен қорғау мен өкілдік етумен байланысты шығындарға белгілі бір бюджеттік қаражат бөлінеді.
005 бағдарлама бойынша 2017 жылы мемлекет 1 млрд 267млн. 883 тг. бөлді. 005 бағдарламаны жүзеге асыру аясында тергеу және анықтау органдары адвокаттар еңбегін төлеуге қаулылар шығарды: 2015 ж. – 156 227, 2016 ж. – 152 873 қаулы, оның ішінде: қылмыстық істер бойынша 2015 ж. – 145 591, 2016 ж. – 144 100, азаматтық істер юойынша 2015 ж. – 2510, 2016 ж. – 2377, әкімшілік істер бойынша 2015 ж. – 8126, 2016 ж. – 6396.
Жоғарыда баяндалғаннан тергеу және анықтау органдары шығарған қаулылар санының азаюы байқалады.
Одан басқа адвокаттардың азаматтарға көрсеткен кепілді заң көмегі санының азаюы да байқалады.
Адвокаттар еңбегін төлеуге жұмсалатын бюджет қаражатын негізсіз шығындауға жол бермеу мақсатында облыстардың ӘД.
ҚР Әділет министрінің 08.12.2015 ж. № 617 бұйрығымен бекітілген Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес соттардың, тергеу және анықтау органдардың шығарған қаулыларының дұрыстығын тексеруді күшейтуге, қаулы сәйкес болмаған жағдайда оны дұрыстап әзірлеуге қайтару шараларын қабылдауға, тиісті зерделеу жасау арқылы адвокаттар көрсететін заңгерлік көмекті төлеуде бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану себептерін анықтауға, анықталған бұзушылықтарды жою және олардың алдын-алу шараларын қабылдауға тапсырма берілді.