-A A +A

Құқық иеленушілермен бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету мәселесі бойынша семинар өткізілді

2018 жылғы 27 маусымда орталық мемлекеттік органдардың өкілдері мен Microsoft және 1C құқық иеленушілері өкілдерінің («ИнфоСофтПром» ЖШС) қатысуымен Әділет министрлігі құқық иеленушілермен бағдарламалық қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету мәселесі бойынша семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық Банк, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, ішкі істер, ұлттық экономика, қорғаныс және аэроғарыш, білім және ғылым, энергетика, ауыл шаруашылығы, сыртқы істер, инвестициялар және даму, діни істер және азаматтық қоғам министріліктердің өкілдері семинардың жұмысына қатысты.
Семинарда Microsoft корпорациясының өкілдері - Дмитрий Береснев, Дархан Қашқынбаев, сондай-ақ 1С компаниясының («ИнфоСофтПром» ЖШС) өкілі Салия Әбдиева сөз сөйледі. Семинар барысында мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда киберқылмыс, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік сатып алу арқылы контрафактілік бағдарламалық қамтамасыз етуді тарату қаупін барынша азайту және бағдарламалық өнімдерге авторлық құқықты қорғау мәселелері талқыланды.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар қаржы, ақпараттық және коммуникациялық министрліктердің қатысуымен тікелей мемлекеттік сатып алу стандарттарын өзара әрекет жасау және жақсарту жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруды және қыркүйек айында осы мәселелерді талқылауды жалғастыруға шешім қабылдады.