-A A +A

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім

 

Жоба

 

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы

келісім

Қазақстан Республикасы және Иран Ислам Республикасы (бұдан әрi—бөлек «Тарап» немесе бiрлесiп «Тараптар» деп аталады)

Тараптар арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмекті нығайтудың ортақ ниетін басшылыққа ала отырып, егемендікті, теңдікті өзара құрметтеу және өзара пайда негізінде төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Өзара құқықтық көмек көрсету аясы

1. Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Тараптар бiр-бiрiне азаматтық істер бойынша мынадай:

a) құжаттар тапсыру;

b) дәлелдемелер жинау және беру;

c) куә мен сарапшыны шақыру;

d) заң актілерін және төрелік шешімдерді тану және орындау;

e) құқықтық ақпарат және материалдар алмасу;

f) сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасында көзделген құқықтық көмектің кезкелген басқа да нысандарында өзара құқықтық көмек көрсетеді.

2. Егер өзгеше көзделмесе, осы Келісімдегі «азаматтық істер» термині азаматтық, неке және отбасы, іскерлік, коммерциялық және еңбек мәселелерін қамтиды.

2-бап

Орталық органдар және байланыс арналары

1. Тараптардың орталық органдары осы Келісім шеңберінде, оның ішінде құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерді дипломатиялық арналар арқылы жіберу мен орындау жөнінде өзара іс-қимыл жасайды.

Орталық органдар:

Қазақстан Республикасы үшін – соттардан туындайтын құқықтық көмек көрсету туралы өтініштер, сондай-ақ сот актілерін тану және орындау туралы өтінішхаттар бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты; өзге де мекемелерден, сондай-ақ нотариустардан және адвокаттардан туындайтын басқа да өтінішхаттар бөлігінде НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz; 

Иран Ислам Республикасы үшін - Иран Ислам Республикасы Әділет министрлігі болып табылады.

2. Тарап екінші Тарапты өз орталық органының өзгергені туралы дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

3. Төтенше жағдайларда өтініштің көшірмесі тиісті байланыс арналары арқылы Тараптардың орталық органдарына тікелей жіберілуі мүмкін және өтініштің түпнұсқасы дипломатиялық арналар арқылы жіберілуі тиіс.

4. Осы Келісімдегі «құзыретті органдар» термині өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес азаматтық істерді қарауға құзыретті сотты және басқа да органдарды білдіреді.

3-бап

Тіл

1. Ағылшын тілі Тараптардың орталық органдары арасындағы өзара іс-қимыл жасау тілі болып табылады.

2. Осы Келісімге сәйкес өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш және оған қоса берілетін кез келген құжат сұрау салушы Тараптың тілінде жіберіледі және сұрау салынатын Тараптың ресми тілдеріне немесе ағылшын тіліне тиісінше куәландырылған аудармасымен қоса беріледі.

4-бап

Құқықтық қорғау

1. Бір Тараптың азаматтары екінші Тараптың аумағында сол екінші Тараптың азаматтары сияқты жеке және мүліктік құқықтарының құқықтық қорғалуы құқығын пайдаланады. Олар екінші Тараптың азаматтары сияқты шарттарда азаматтық істер бойынша юрисдикциясы бар екінші Тараптың сотына және басқа да құзыретті органдарына жүгіну құқығына ие.

2. Әрбір Тарап екінші Тараптың азаматтары қатысатын сот талқылауын дәлелді себептерсіз кез келген кешіктіруге жол бермейді.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарыныңережелері кез келген Тараптың аумағында оның ұлттық заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар мен өзге ұйымдарға да қолданылады.

5-бап

Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш

1. Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жазбаша және екі (2) данада рәсімделіп, сұрау салушы Тараптың құзыретті органы қол қойып куәландырады және мынадай ақпаратты:

a) өтініштің ресімделген күні мен нөмірін;

b) сұрау салушы Тараптың атауын, мекенжайын, телефоны мен факс нөмірін, сондай-ақ электрондық пошта мекенжайын (болған жағдайда) қоса алғанда,  және өзге де байланыс ақпаратын;

c) сұрау салынатын Тараптың атауын, мекенжайын және өзге де байланыс ақпаратын (болған жағдайда);

d) тиісті адамдардың толық атын, әкесінің атын, жынысын, азаматтығын, кәсібінің түрін, туған жері мен мекенжайын немесе олардың өкілдерінің (болған жағдайда) толық аты мен олардың мекенжайын; өтінішке қатысы бар мекеменің немесе ұйымның атауын және мекенжайын;

e) өтініштің нысанасын, өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішке қатысты істің сипаттамасын және өзге де ақпаратты;

f) сұрау салуды орындау күтілетін уақыт мерзімдерін;

g) осы Келiсiмнiң 10-бабында көзделген шығыстарды төлеу бойынша мiндеттемені;

h) көмек көрсету үшін қажетті кез келген өзге де ақпаратты қамтиды.

2. Сұрау салынатын Тарап, егер өзара құқықтық көмек туралы өтiнiште жазылған ақпарат оны орындау үшiн жеткiлiксiз болып табылса, қосымша түсіндірмелер сұратуы мүмкiн.

6-бап

Өзара құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салулардың орындалуы

1. Сұрау салынатын Тарап өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес орындайды.

2. Сұрау салынатын Тарап, арнайы түрде сұрау салған өзара құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салушы Тараптың өтінішін, егер осындай орындау сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, орындайды.

3. Өзара құқықтық көмек туралы өтініш сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес және сұрау салушы Тарап айқындаған тәсілмен жедел орындалады. Сұрау салынатын Тарап өзара құқықтық көмек туралы өтiнiшті орындау күні мен орны туралы сұрау салушы Тарапқа дереу хабарлайды.

7-бап

Өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініштен бас тарту немесе оны кейінге қалдыру

1. Егер сұрау салынатын Тарап өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті орындау оның егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе ұлттық заңнамасының негізгі қағидаттарына нұқсан келтіруі мүмкін деп есептесе не сұрау салынатын көмек оның құзыретті органдарының өкілеттіктеріне жатпаса, ол өзара құқықтық көмек көрсетуден бас тарта алады. Сұрау салынатын Тарап өтінішті алған күннен бастап отыз (30) күн ішінде бас тарту себептері туралы сұрау салушы Тарапты хабардар етеді.

2. Егер сұрау салынатын Тарап өтінішті дереу орындау сұрау салынатын Тараптың аумағындағы ағымдағы тергеп-тексеруді немесе қылмыстық қудалауды қиындатуы мүмкін деп есептесе, өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті орындау кейінге қалдырылуы мүмкін. Сұрау салынатын Тарап өтінішті алған күннен бастап отыз (30) күн ішінде кейінге қалдыру себептері туралы сұрау салушы Тарапты хабардар етеді.

8-бап

Куәні және сарапшыны шақыру

1. Осы Келісімнің 2-бабында көзделген байланыс арналары арқылы кез келгенТараптыңқұзыретті органдары қатысуы қажет екінші Тараптың азаматтары болып табылатын куә мен сарапшыны шақыру туралы екінші Тарапқа сұрау сала алады.

2. Шақыру сұрау салынатын Тарапқа сұрау салушы Тараптың құзыретті органына шақырылатын адам келуге тиіс күнге дейінгі тоқсан (90) күннен кешіктірілмей жіберіледі.

3. Шақыруда куәнің немесе сарапшының өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша, жол жүруіне, тамақтануына және тұруына арналған шығыстарды және басқа да шығыстарды өтеу бойынша міндеттемелерді, оларды төлеу шарттары мен мерзімін қоса алғанда, куә немесе сарапшы ретінде келу шарттары көрсетіледі.

4. Сұрау салынатын Тарап шақыруды тиісті адамға тапсырады және сұрау салушы Тарапты шақырылып отырған адамның келісімі немесе бас тартуы туралы хабардар етеді.

9-бап

Куәні және сарапшыны қорғау

1. Осы Келісімге сәйкес шақырылатын куә немесе сарапшы сұрау салушы Тараптың аумағынан кеткенге дейін қылмыстық әрекеттері немесе сенім-нанымдары үшін немесе сарапшы немесе куә ретінде берген шынайы айғақтары үшін сұрау салушы Тараптың аумағында қылмыстық қудалауға, тергеп-тексеруге, жазалауға, ұстап алуға немесе жеке бас бостандығын басқа да шектеуге алынбайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қорғау куәні және (немесе) сарапшыны оның қатысуының бұдан былай қажет еместігі туралы сұрау салушы Тараптың құзыретті органын ресми хабардар еткен күннен бастап он бес (15) күн өткеннен кейін тоқтатылады. Бұл мерзім куә немесе сарапшы өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша сұрау салушы Тараптың аумағынан кете алмаған уақытқа есептелмейді.

10-бап

Өзара құқықтық көмек көрсету бойынша шығыстар

1. Тараптар бір Тараптың аумағында тұратын және осы Келісімнің 8-бабына сәйкес екінші Тарап шақыртқан куәнің немесе сарапшының шығыстарын қоспағанда, жол жүруіне, тамақтануына, тұруына сарапшы ретінде жұмысынаарналған шығыстарды, сондай-ақ оның жұмыста болмаған кезеңі үшін жалақысын және төленетін авансты қоса алғанда, бір-біріне өзара құқықтық көмекті тегін көрсетеді.

2. Заң актілерін және төрелік шешімдерді тану және орындау туралы өтініштерге байланысты шығыстар сұрау салынатын Тараптың заңнамасында өз азаматтарына көзделетін шығыстарға сәйкес болуға тиіс.

3. Егер өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті орындауда күтпеген шығыстар қажет болса, Тараптар осы өтінішті орындау шарттарын айқындау мақсатында бір-бірінен консультация алады.

11-бап

Сот шығындарын төлеуден босату немесе оларды азайту және тегін заң көмегі

1. Бір Тараптың азаматтары екінші Тараптың аумағында екінші Тарап өзінің азаматтарына қолданатын шарттарда сот шығындарын төлеуден босатылады немесе оларды азайтуға құқығы бар және тегін заң көмегін пайдаланады.

2. Сот шығындарын төлеуден босату немесе оларды азайту және тегін заң көмегі аумағында өтініш берушінің тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бар Тараптың тиісті органы беретін өтініш берушінің табыстары туралы анықтаманың негізінде өтініш берушінің қаржылық жағдайы ескеріле отырып беріледі.

3. Бір Тараптың азаматтары аумағында тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бар Тараптың тиісті органына осы баптың 2-тармағында көзделген сот шығындарын төлеуден босату немесе оларды азайту және тегін заң көмегін алуға жүгіне алады.

4. Сот шығындарын төлеуден босату немесе оларды азайту және тегін заң көмегін көрсету туралы өтініш бойынша шешім қабылдауға жауапты тиісті орган өтініш берушіден немесе анықтама берген тиісті органдардан қажет болған жағдайда қосымша ақпарат сұрата алады.  

5. Осы Келісімдегі «сот шығындары» термині соттың орналасқан жері бойынша Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес кез келген сот төлемдерін және басқа да мемлекеттік төлемдерді қамтиды.

12-бап

Құжаттарды, заттарды, мүлiктi және табысты беру

Кезз келген Тараптың аумағынан/аумағына құжаттарды, заттарды, мүліктерді және табыстарды беру беруші Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

13-бап

Құқықтық ақпарат және материалдар алмасу                     

1.Тараптар өтініш бойынша осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты атқарушылық және сот рәсімдеріне қатысты заң ақпараты мен  материалдарын алмасады.

2. Құқықтық ақпарат пен материалдарды беру туралы өтініште сұрау салушы құзыретті органның атауы және аты осы ақпарат пен материалдарды пайдалану мақсаттары қамтылады.

14-бап

Азаматтық жай-күйі туралы құжаттарды беру

1. Тараптар өтініш негізінде бір-біріне Сұрау салынатын Тарап азаматының азаматтық жай-күйіне қатысты заң актілерінің көшірмелерін не олардан үзінділерді және өзге де қажетті құжаттарды өтініште көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануы үшін береді.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды беру осы Келісімнің 2-бабында көзделгенбайланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.

15-бап

Заңдастырудан босату

Осы Келісімді іске асыру мақсаттарында соттар немесе басқа да құзыретті органдар дайындаған немесе куәландырған  және осы Келісімнің  2-бабында көзделген байланыс арналары арқылы берілген құжаттар заңдастыру талаптарынан босатылады.

16-бап

Өзара құқықтық көмек көрсету туралы бірнеше өтінішті орындау

1. Бір нысана бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы біреуден артық өтініш алған сұрау салынатын Тарап ең алдымен қай өтінішті орындайтынын өзі дербес шешеді.

2. Орындау үшін қабылданатын өтініштің басымдығы туралы шешім қабылдаған кезде сұрау салынатын Тарап барлық тиісті мән-жайларды, атап айтқанда:           

a) өтініштің алынған күнін;  b) сұрау салынатын өтініштің сипатын;   c) осы өтінішті орындаудың басқа өтініштерге әсер етуін ескереді.

3. Сұрау салынатын Тарап қабылданған шешім туралы сұрау салушы Тарапқа хабарлайды.

17-бап

Құжаттарды тапсыру туралы өтініш

1. Осы Келісімге сәйкес бір Тараптың құзыретті органдары құжаттарды тапсыру жөнінде өзара құқықтық көмек көрсету үшін екінші Тараптың құзыретті органдарына сұрау салады.

2. Сұрау салынатын Тарап құжаттарды тапсыру жөнінде өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiшті өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес орындайды.

3. Сұрау салынатын Тарап сұрау салушы Тарапқа құжаттардың табыс етілуін растайтын түбіртекті немесе үзінді/куәлікті не өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтінішті толық немесе ішінара орындауға кедергі келтіретін себептер туралы сипаттауды жібереді. Түбіртектің немесе үзінді/куәліктің көшірмесі қажет болған жағдайда олардың түпнұсқасы осы Келісімнің 2-бабында көзделген байланыс арналарымен пошта арқылы жіберілгенге дейін факс, электрондық пошта немесе өзге де байланыс тәсілдері арқылы жіберілуі мүмкін.

4. Құжаттардың тапсырылғанын растайтын түбіртекте немесе үзінді/куәлікте құжаттарды алған адамның аты, табыс етілген күні, орны мен табыс ету тәсілі, қол таңбасы мен құзыретті органның мөрі қамтылуға тиіс.

18-бап

Дәлелдемелерді жинау және беру туралы өтініштер

Дәлелдемелерді жинау және беру туралы өтініштер осы Келісімнің     5-бабының ережелеріне қосымша ретінде мынадай мәліметтерді:

1. Сұрау салынатын дәлелдемелердің мынадай сипаттамасын:

а) іс бойынша Тараптардың өтініштері мен куәлердің дәлелдемелерді алуға қатысты материалдық және құжаттамалық дәлелдемелерді, сараптама жүргізуді немесе сот шешімдерін қамтитын айғақтарды;

b) жауап алынатын адамның жауап беруі талап етілетін сұрақтарды және ол қатысатын азаматтық істің сипаттамасын;

c) тексеріп қарауға жататын құжаттарды немесе заттарды қамтуы мүмкін;

2. Дәлелдемелерді жинау кезінде сақталуы қажет қолданылатын  арнайы шараларды немесе арнайы рәсімдерді қамтуы мүмкін.

19-бап

Дәлелдемелерді жинау және беру туралы өтінішті орындау

1. Сұрау салынатын Тарап дәлелдемелерді жинау және беру туралы өтінішті өзінің заңнамасына қайшы келмейтін, сұрау салушы Тараптың заңнамасында көзделген тәсілмен орындайды.

2. Сұрау салынатын Тарап осы Келiсiмнiң 2-бабында көзделген байланыс арналары арқылы сұрау салушы Тарапты дәлелдемелердi жинау мен беру туралы өтініштің орындалу нәтижелерi туралы жазбаша хабардар етедi не өтініштің толық немесе iшiнара орындалуына кедергi келтiретiн себептер туралы хабардар етедi.

20-бап

Заң актілерін тану және орындау       

1.Тараптар өзара негізде мынадай: 

a) сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдары сол бір нысана бойынша заңды күшіне енген шешімдерін қабылдаған;

b) сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдары ұлттық заңнамасына және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес сол бір нысана бойынша айрықша юрисдикцияға ие болатын жағдайларды қоспағанда, Тараптардың құзыретті органдары шығарған азаматтық мәртебеге қатысты азаматтық істер, неке және отбасы істері, мұрагерлік істер және қылмыстық немесе әкімшілік істер жөніндегі шешімдер бойынша меншікке қатысты істер туралы күшіне енген сот шешімдерін таниды.

2. Осы Келісім сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасында рұқсат етілген мән-жайлар бойынша заң актілерін тануға және орындауға кедергі келтірмейді.

21-бап

Заң актілерін тану және орындау шарттары

Осы Келісімнің 20-бабында көзделген сот шешімдері мынадай:

1. Іс тиісінше кез келген Тараптың соттарының юрисдикциясына қолданылатын;

2. Әрбір істе даудың Тараптары немесе олардың заңды өкілдері тиісті түрде шақырылған болса немесе сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес қатыспаған деп жарияланған;

3. Сот шешімдері сұрау салушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес заңды күшіне енген;  4. Тану және орындау туралы өтініш берілген кезде:

а) сұрау салынатын Тарапта сол бір нысана бойынша заңды күшіне енген сот шешімдері жоқ болса, немесе

b) сұрау салынатын Тараптың соты таныған үшінші мемлекет сотының шешімдері болмаған, не

c) сұрау салынатын Тараптың соты сол бір іс бойынша тіркемеген немесе тыңдау тағайындамаған болса.

5. Заң актілерін тану мен орындау және мұндай заң актілерін тану мен орындаудың салдарлары сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасының негізгі қағидаттарына, егемендігіне, қоғамдық тәртібіне немесе басқа да маңызды мүдделеріне қайшы келмесе танылады және орындалады.

22-бап

Заң актілерін тану және орындау туралы өтінішхат

1. Заң актілерін тану және орындау туралы өтінішхат орталық органдар арқылы немесе сұрау салынатын Тараптың құзыретті органына тікелей жіберіледі.

2. Осы Келісімнің 5-бабына қосымша заң актілерін тану және орындау туралы өтінішхат мынадай құжаттарды:

a) заңды күшіне енген сот актісінің нотариат растаған немесе тиісті куәландырылған көшірмесін;

b) сот актілерінің орындалуын растауды және олардың күшіне енгені туралы ақпаратты;

с) жауапкердің сотқа шақырылғанын растайтын құжаттарды; және егер заң актілерінің өзінде жауапкердің ресми шақырылғаны анық болмаса, жауапкер болмағанда сот шығарған шешімді растайтын құжаттарды;

d) сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасында талап етілетін өзге де құжаттарды қамтиды.

23-бап

Заң актілерін тану және орындау рәсімдері

1. Заң аткілерін тану және орындау рәсімдері сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органдары орындау үшін танылған заң актілерінің мәні мен мазмұнын қайта қарамайды.

3. Сұрау салынатын Тараптың құзыретті органы сұрау салушы Тараптың құзыретті органның кейінгі сұрау салуына қатысты заң актілерін тануды және орындауды кейінге қалдырады немесе тоқтатады.

24-бап

Заң актілерін тану және орындау салдарлары

Бір Тарап сотының екінші Тарап сотының орындауы үшін танылған сот шешімдерінің екінші Тарап сотының сот шешімдері сияқты заңды күші болады.

25-бап

Төрелік шешімдерді тану және орындау

Әрбір Тарап екінші Тараптың аумағында шығарылған төрелік шешімді 1958 жылғы 10 маусымда Нью-Йоркте жасалған Шетелдік төрелік шешімдерді тану және орындау туралы конвенцияға сәйкес немесе Конвенция қолданылмайтын болса, сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес таниды және орындайды.

26-бап

Басқа халықаралық шарттармен үйлесуі

Осы Келісім Тарап қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды және ынтымақтастықтың өзге де нысандарын табуға кедергі келтірмейді. 

27-бап

Келіспеушіліктерді реттеу

Осы Келісімді түсіндіруден, қолданудан туындайтын немесе олармен байланысты кез келген келіспеушіліктер Тараптардың орталық органдары арасында достық консультациялар арқылы шешіледі.

28-бап

Өзгерістер мен толықтырулар

Осы Келісімге кез келген уақытта Тараптар арасында жазбаща хаттама түрінде өзгерістер енгізілуі мүмкін, және осы Келісімнің 30-бабына сәйкес күшіне енеді және тоқтатылады.

29-бап

Консультациялар

Тараптар өзара ынтымақтастық арқылы қолданылатын тетіктерді табу мақсатында осы Келісімді іске асыру мәселелері бойынша пікірлер алмаса алады.

30-бап

Күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы

1. Осы Келісім Тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес ратификациялауға жатады және белгіленбеген мерзімге жасалады және дипломатиялық арналар арқылы Тараптар арасында ратификациялау грамоталарын алмасқан күннен бастап отызыншы (30) күні күшіне енеді.

2. Осы Келісімді кез келген Тарап оның қолданысын тоқтатуға өзінің ниеті туралы жазбаша хабарламаны екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жіберу жолымен тоқтатады. Мұндай тоқтату хабарлама алынған күннен бастап алты (6) айдан кейін күшіне енеді.

3. Хабарламаны  алғанға дейін алынған өзара құқықтық көмек туралы  өтініштер осы Келісімге сәйкес орындалады.

Осыны куәландыру үшін тиісінше өкілеттік берілген төменде қол қоюшылар кіріспеден және 30 баптан тұратын осы Келісімге _________ ____ «__» ____________ қазақ, парсы және ағылшын тілдерінде екі (2) данада қол қойды, әрі барлық мәтіннің күші бірдей. Түсіндіру кезінде дау немесе келіспеушілік туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін басым болады.

 

Қазақстан Республикасы үшін               Иран Ислам Республикасы үшін