-A A +A

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесі отырысының Х А Т Т А М А С Ы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz жанындағы
Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесі отырысының
Х А Т Т А М А С Ы
 
 
Астана қ.                                                                   №1                                                            2017 жылғы 31 наурыз
 
 
Төрағалық еткен: Баймолдина 3.Х
 
Қатысқандар: ҚР Әділет министрлігі жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің мүшелері, тізім бойынша шақырылғандар (қоса тіркелген).
Күн тәртібі:
 
  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары ұсынған және 2016 жылғы 29 қарашада Үкімет отырысында мақұлданған заң жобаларын әзірлеу және талқылау бойынша әрекеттер алгоритмін жүзеге асыру туралы.
  2. 2016 жылға арналған орталық мемлекеттік органдар өткізген құқықтық мониторинг нәтижелері туралы.
  3. Орталық мемлекеттік органдарымен Әділет министрлігінің корпоративтік порталын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы.
  4. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін құру мәселелері.
  5. Әділет министрлігінің заң жобалары, заң сараптамасына ұсынылған Елбасының және Үкіметтің актілері, сондай-ақ 2016 жылы мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілеріне талдау ескертулерінің нәтижелері туралы.
  6. Бас прокуратураның арнайы мемлекеттік органдар тарапынан құқықтық мониторингтің форматын өзгерту туралы ұсынысын талқылау (БП, ҰҚК, «Сырбар» СБҚ).
I. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары ұсынған және 2016 жылғы 29 қарашада Үкімет отырысында мақұлданған заң жобаларын әзірлеу және талқылау бойынша әрекеттер алгоритмін жүзеге асыру туралы
                                (Баймолдина, Игембаев)
1. Заңнама департаментінің Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары ұсынған және 2016 жылғы 29 қарашада Үкімет отырысында мақұлданған заң жобаларын әзірлеу және талқылау бойынша әрекеттер алгоритмін жүзеге асыру туралы ақпаратын назарға алу.
2. Орталық мемлекеттік органдарға:
  1. Мемлекеттiк бастамаларды ақпараттық сүйемелдеу және 2016 жылғы 29 қарашада Үкімет отырысында мақұлданған заң жобаларын әзірлеу және талқылау бойынша әрекеттер алгоритмі жөнiндегi мемлекеттiк органдардың Бірыңғай стандартты кешенді жұмыс жоспарын сақтау;
  2. Құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері арасында заң жобаларын қабылдау салдарының жете талдауын жүргізу және қабылданатын заң әрекетінің мүмкін экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарын болжау кезінде толық түрде тиісті ақпараттың көрсетілу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу;
  3. Әділет министрлігіне заң сараптамасына заң жобасымен бірге Премьер-Министр Кеңсесіне ұсынуға қажетті құжаттардың толық пакетін қоса ұсынуды қамтамасыз ету;
  4. Құрылымдық бөлімшелермен әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын алдын-ала үйлестіруді бақылауды күшейту.
Мерзім: әрдайым 
II. 2016 жылға арналған орталық мемлекеттік органдар өткізген құқықтық мониторинг нәтижелері туралы
(Баймолдина, Тукиев)
3. Заңнама институты директорының 2016 жылға арналған орталық мемлекеттік органдар өткізген құқықтық мониторинг нәтижелері туралы ақпаратын назарға алу.
4. Орталық мемлекеттік органдарға:
  1. Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін жалпылау мен талдаудың және мемлекеттік органға түскен прокурорлық қадағалаудың, сот шешімдерінің нормативтік құқықтық актілерді қолдану тәжірибесіне қатысты актілерін қараудың нәтижелерін қолдану;
  2. Құрылымдық бөлімшелермен құқықтық мониторингтің тиісті жүргізілуіне бақылауды күшейту;
  3. Құқықтық мониторинг бойынша толтырылатын есеп-қисап нысандарының сапасын қамтамасыз ету;
  4. Құқықтық мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою;
  5. Құқықтық мониторингке жататын барлық нормативтік құқықтық актілерді тізімге, сондай-ақ құқықтық мониторинг кестесіне енгізу.
Мерзім: әрдайым 
 
III.                                          Орталық мемлекеттік органдарымен Әділет министрлігінің корпоративтік порталын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы
(Баймолдина, Федотова)
  1. Бас прокуратура 1-ші Департаменті прокурорының аға көмекшісінің орталық мемлекеттік органдарымен Әділет министрлігінің корпоративтік порталын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы ақпаратын назарға алу.
  2. АРҚАБ, РҚАО:
    1. Әділет министрлігінің Корпоративтік порталында орталық мемлекеттік органдар орналастыратын ақпаратты түзетуге құқықсыз қарау үшін жалпы қолжетімділік мәселесін анықтау.
Мерзім: 2017 жылдың 7 сәуірі
6.2. Мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, Әділет министрлігінің Корпоративтік порталының функционалын аяқтау жөніндегі мәселені анықтау.
Мерзім: 2017 жылдың 28 сәуірі
  1. Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін құру мәселелері
(Баймолдина, Жантасова)
  1. Республикалық құқықтық ақпарат орталығы директорының міндетін атқарушының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкін құру туралы ақпаратын назарға алу.
  2. Орталық мемлекеттік органдарға:
Нормативтік құқықтық актілердің Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне заңмен белгіленген мерзімде уақтылы жіберілуін қамтамасыз ету.
Мерзім: әрдайым 
  1. Әділет министрлігіне (НҚАТД):
Орталық мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялауды реттейтін заңнаманың талаптарын орындамаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 457-бабына сәйкес шаралар қабылдауды қамтамасыз ету.
Мерзім: әрдайым 
 
  1. Әділет министрлігінің заң жобалары, заң сараптамасына ұсынылған Елбасының және Үкіметтің актілері, сондай-ақ 2016 жылы мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілеріне талдау ескертулерінің нәтижелері туралы
(Баймолдина, Игембаев, Ерсеитова, Бекишев)
  1. Заңнама, заңға тәуелді акт және нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменттер директорларының Әділет министрлігінің заң жобалары, заң сараптамасына ұсынылған Елбасының және Үкіметтің актілері, сондай-ақ 2016 жылы мемлекеттік тіркеуге ұсынылған нормативтік құқықтық актілеріне талдау ескертулерінің нәтижелері туралы ақпаратын назарға алу.
     11. Орталық мемлекеттік органдарға:
  1.  Норма шығармашылық қызмет туралы ақпаратты ұсынған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдар заң қызметтерінің Үлгілік қағидалар (бұдан әрі - Үлгілік қағида) талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету.
  2.  Заң жобаларының тұжырымдамаларын Әділет министрлігіне ұсыну кезінде құқықтық мониторинг нәтижелеріне міндетті түрде көрсету;
  3.  Заң жобасын әзірлеу Елбасының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің шұғыл тапсырмаларын орындауға бағытталған жағдайларды қоспағанда, жұмыс тәртібінде заң жобаларын әзірлеуге бастамашылық етпеу;
  4.  Құрылымдық бөлімшелермен әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын алдын-ала үйлестіруді бақылауды күшейту.
Мерзім: әрдайым 
 
12. Орталық мемлекеттік органдардың заң қызметтеріне:
  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Б.Сағынтаевтың 2017 жылғы 17 наурыздағы № 20-37/01-70//437 бұйрығына сәйкес құзыреті шегінде Үкіметтің қолданыстағы актілеріне қажетті түзетулердің толықтығы үшін жете талдау жүргізуді қамтамасыз ету және тиісті жобаларды салыстырмалы кестемен Әділет министрлігіне ұсыну.  
Мерзім: 2017 жылдың 7 сәуіріне дейін
  1. Құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың қолданыстағы ведомстволық актілеріне қажетті түзетулердің толықтығы үшін жете талдау жүргізуді қамтамасыз ету және тиісті жобаларды салыстырмалы кестемен Әділет министрлігіне ұсыну.  
Мерзім: 2017 жылдың 17 сәуіріне дейін
 
13. Әділет министрлігіне (ЗТАД, ЗД, НҚАТД):
Мемлекеттiк органдардың заң қызметтерiмен мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерiмен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына құқықтық сараптама нәтижелерi бойынша әзiрлеушiлер болып табылатын Әдiлет министрлiгiнiң ескертулерiне талдау жүргiзу және оны жетiлдiру және анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде ұсыныстарды мемлекеттік органдардың заң қызметтеріне енгiзу жөнiндегi жұмысты үйлестiруге қатысты Үлгілік қағидаға өзгерiстер енгiзу мәселесін анықтау.
 
Мерзім: 2017 жылдың 15 мамырына дейін
 
VI. Бас прокуратураның арнайы мемлекеттік органдар тарапынан құқықтық мониторингтің форматын өзгерту туралы ұсынысын талқылау
(БП, ҰҚК, «Сырбар» СБҚ)
(Баймолдина, Федотова)
 
14. Бас прокуратураның Үйлестіру кеңесі отырысының Күн тәртібіндегі алтыншы мәселені қараудан алып тастау туралы ұсынысымен келісу (БП 2017 жылғы 27 наурыздағы №2-012200-17-21845 хаты).
 
 
Кеңес төрағасы 3. Баймолдина