-A A +A

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесі отырысының Х А Т Т А М А С Ы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz жанындағы
Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесі отырысының
Х А Т Т А М А С Ы
 
 
Астана қ.                                                                        №2                                                                2017 жылғы 23 маусым
 
 
Төрағалық еткен: Баймолдина 3.Х
 
Қатысқандар: Әділет министрлігі жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің мүшелері, тізім бойынша шақырылғандар (қоса тіркелген).
 
Күн тәртібі:
 
1. Орталық мемлекеттік органдар әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) жобаларын мақұлдаудың кейбір мәселелері туралы.
2. Ашық НҚА интернет-порталында заң жобалары мен НҚА жобалары тұжырымдамаларының жобаларын орналастыру және жария талқылаудың кейбір мәселелері туралы.
3. ОМО а.ж. 1-ші жарты жылдығына арналған норма шығармашылығы саласында ақпаратын жинақтау нәтижелері туралы.
4. Заңнамалық актілерді Үкіметтің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінің 114-тармағына сәйкес (бұдан әрі - Регламент) уақтылы жүзеге асыру жағдайы туралы.
5. Уәкілетті мемлекеттік органдардың НҚА ресми жариялау мәселелерін реттейтін заңнаманың талаптарын сақтауы туралы.
 
I. Орталық мемлекеттік органдар әзірлеген НҚА жобаларын мақұлдаудың кейбір мәселелері туралы  
(Баймолдина‚ Жетібаева, Ерсеитова)
 
1. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің заң басқармасының бастығы А.М. Жетібаеваның мемлекеттік органдарда және ұйымдарда НҚА жобаларын мақұлдау (сараптамалық қорытындыларды алу) мерзімдері туралы, сондай-ақ НҚА Эталондық бақылау банкінде орналастырылған НҚА мәтіндеріндегі қателерді түзету туралы ұсыныстарын жөнсіз деп тану.
 
2. Орталық мемлекеттік органдарға:
- НҚА жобаларын Әділет министрлігінде мақұлдау кезінде және әзірлеуші органдардың заң қызметтерінің қызметкерлерімен НҚА мемлекеттік тіркеу кезінде қолдауды қамтамасыз ету;
- Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілердің жобаларына қатысты заң сараптамасының нәтижелері бойынша берілген ескертулеріне үнемі талдау жүргізу;
- Үкіметтің 2016 жылғы 6 қазандағы № 9569 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік органмен белгіленген немесе заңға тәуелді НҚА жобаларын әзірлеу, мақұлдау Қағидаларымен көзделген мерзімде НҚА жобаларын мақұлдау.
Мерзім: әрдайым
 
II. Ашық НҚА интернет-порталында заң жобалары мен НҚА жобалары тұжырымдамаларының жобаларын орналастыру және жария талқылаудың кейбір мәселелері туралы
(Баймолдина, Жамбылов)
 
3. Ұлттық экономика министрлігінің Үйлестіру кеңесінің отырысының күн тәртібінің екінші мәселесін қараудан алу туралы ұсынысымен келісу (ҰЭМ 2017 жылғы 31 мамырдағы № 31-15/12458 хаты).
 
III. ОМО а.ж. 1-ші жарты жылдығына арналған норма шығармашылығы саласында ақпаратын жинақтау нәтижелері туралы
(Баймолдина, Ерсеитова, Бекишев)
 
4. Орталық мемлекеттік органдармен мемлекеттік органның норма шығармашылық қызметіне жүргізілген талдау жөнінде ақпаратты Әділет министрлігіне жіберу мерзімдерін (жылына екі рет жылдың жартысының келесі айының 10 күніне дейін) ескере отырып, бұл мәселені қарауды Күн тәртібінен алып тастау және мемлекеттік органдардың заң қызметтерін Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысының Күн тәртібіне енгізу (2017 жылдың қыркүйегі).
 
IV. Регламенттің 114-тармағына сәйкес заңнамалық актілерді уақтылы жүзеге асыру жағдайы туралы
(Баймолдина, Ерсеитова, Тлеубаев)
 
5. Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры С.А. Ерсеитованың, НҚА тіркеу Департаменті директорының орынбасары А.К. Тлеубаевтың Регламенттің 114-тармағына сәйкес заңнамалық актілерді уақтылы жүзеге асыру жағдайы туралы ақпаратын назарға алу.
 
6. Орталық мемлекеттік органдарға:
Заңға тәуелді актілерді сапалы және уақтылы әзірлеу мақсатымен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету:
- Заң жобаларын бір мезгілде оның жүзеге асырылуы үшін НҚА заңға тәуелді жобаларымен енгізуге қатысты Регламенттің 91-1-тармағы;
- тиісті заңға тәуелді актілердің жобаларын (Президенттің, Үкіметтің актілері, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА) мүдделі мемлекеттік органдарға Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қарау үшін жіберуге қатысты Регламенттің 113-1-тармағы.
Мерзім: әрдайым  
 
V. Уәкілетті мемлекеттік органдардың НҚА ресми жариялау мәселелерін реттейтін заңнаманың талаптарын сақтауы туралы
(Баймолдина, Тлеубаев)
 
7. НҚА тіркеу Департаменті директорының орынбасары А.К. Тлеубаевтың уәкілетті мемлекеттік органдардың НҚА ресми жариялау мәселелерін реттейтін заңнаманың талаптарын сақтауы туралы ақпаратын назарға алу.
8. Ұлттық Банк, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, қаржы, денсаулық сақтау, ішкі істер, ақпарат және коммуникация, инвестициялар және даму министрліктері НҚА-ді НҚА Эталондық бақылау банкіне уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді.
Мерзім: әрдайым  
9. Орталық мемлекеттік органдарының заң қызметтеріне құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен НҚА ресми жариялау мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауына қатысты бақылауды күшейту.
Мерзім: әрдайым  
 
Кеңес төрағасы 3. Баймолдина