-A A +A

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесі отырысының Х А Т Т А М А С Ы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kz жанындағы
Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесі отырысының
Х А Т Т А М А С Ы
 
     Астана қ.                                                                         №3                                                            2017 жылғы 19 қыркүйек
 
Төрағалық еткен: Баймолдина 3.Х.
 
Қатысқандар: Әділет министрлігі жанындағы Мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру кеңесінің мүшелері, тізім бойынша шақырылғандар (қоса тіркелген).
 
Күн тәртібі:
 
1. ОМО а.ж. 1-ші жарты жылдығына арналған норма шығармашылығы саласында ақпаратын жинақтау нәтижелері туралы.
2. ОМО өткізген а.ж.1-ші жарты жылдығына арналған құқықтық мониторинг нәтижелері туралы.
3. Мемлекеттік органдарда орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың НҚА жобаларын үйлестіру тәртібін оңтайландыру туралы.
4. Әртүрлі:
- Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА келісу, қабылдау және жариялау барысында туындайтын мәселелерді талқылау;
- Аналитикалық және әлеуметтік зерттеулердің Бірыңғай деректер базасы туралы.
 
I. ОМО а.ж. 1-ші жарты жылдығына арналған норма шығармашылығы саласында ақпаратын жинақтау нәтижелері туралы
(Баймолдина. Ерсеитова, Жамаладин, Нұрғисаева.
Муратбеков. Пономарев, Алиакпаров)
 
1. Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры Ерсеитова С.А., Заңнама департаменті директорының орынбасары Жамаладин Н.С. және Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті директорының м.а. Нұрғисаева М.О. ОМО 2017 жылдың 1-ші жарты жылдығына арналған норма шығармашылығы нәтижелеріне қатысты ақпаратын назарға алу.
2. Әділет министрлігіне (ЗД, ЗТАД):
Әділет министрінің орынбасары Э.А.Әзімованың атына мемлекеттік органдардың заң қызметтерін үйлестіру бойынша жұмысқа онымен жетекшілік етілетін құрылымдық бөлімшелердің (ХҚЫД, ХЭИЖСД) қатысу қажеттілігі туралы қызметтік жазбаны дайындау.
 
Мерзім: 2017 жылдың 27 қыркүйегіне дейін.
 
3. Әділет министрлігіне (ЗД):
Ағымдағы жылда мемлекеттік органдар тұрғысынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ұсынылған заң жобалары бойынша қайтаруларға талдау жасау және нәтижелер бойынша 2017 жылдың желтоқсанында жоспарланған Үйлестіру кеңесінің келесі отырысына сенім арту.
4. Орталық мемлекеттік органдарға:
4.1. Ағымдағы жылда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне ұсынылған Премьер-Министр мен Үкіменттің заң жобалары мен шешімдері бойынша қайтаруларға талдау жасау және қарау нәтижесінде Әділет министрлігіне ақпаратты жіберу.
 
Мерзім: 2017 жылдың 27 қазанына дейін.
 
4.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің директоры А.К.Алиакпаровтың Министрліктің ынталандыру шараларын қолдану және НҚА жобаларын әзірлеуді жоспарлау бойынша тәжірибесіне қатысты ақпаратын назарға алу.
5. Әділет министрлігіне (ЗТАД):
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне бағалау жүйесінде мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің ұстанымына қатысты негіздемені көрсетіп, хат дайындау
 
Мерзім: 2017 жылдың 21 қыркүйегіне дейін.
 
6. Әділет министрлігіне (НҚАТД):
Мемлекеттiк тiркеуге жататын НҚА негiзгi түрлерiнің ресiмдеу үлгiлерiн әзiрлеу және оларды жұмысқа пайдалану үшiн орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарға жiберу.
 
Мерзім: 2017 жылдың 26 қыркүйегіне дейін.
 
II. ОМО өткізген а.ж.1-ші жарты жылдығына арналған құқықтық мониторинг нәтижелері туралы
(Баймолдина. Тлембаева)
 
1. «Заңнама институты» МБ директорының орынбасары Ж.О. Тлембаеваның ОМО өткізген а.ж.1-ші жарты жылдығына арналған құқықтық мониторинг нәтижелеріне қатысты ақпаратын назарға алу.
2. Әділет министрлігіне (ЗИ):
2017 жылдың 1-ші жарты жылдығына арналған құқықтық мониторинг нәтижелерін ОМО жіберу.
Мерзім: 2017 жылдың 21 қыркүйегіне дейін.
 
3. Орталық мемлекеттік органдарға:
3.1. Құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша Корпоративтік порталды уақтылы және сапалы түрде толтыруды қамтамасыз ету.
3.2. Құқықтық мониторинг барысында анықталған кемшіліктерді уақтылы жою бойынша шаралар қабылдау.
3.3. Олардың құрылымдық бөлімшелерімен құқықтық мониторингті тиісті жүргізудің бақылауын күшейту.
Мерзім: әрдайым.
 
3.4. Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі үшін НҚА тіркелімдерінде салыстыруды жүргізу.
Мерзім: 2017 жылдың 25 қыркүйегіне дейін.
 
II. Мемлекеттік органдарда орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың НҚА жобаларын үйлестіру тәртібін оңтайландыру туралы
(Баймолдина, Ахметов. Муратбеков)
 
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары Ж.С. Ахметовтың мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер болған кезде НҚА жобаларына келісім алу тәртібін оңтайландыруға қатысты және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментінің директоры Д.Б. Мұратбековтың келістіруші мемлекеттік органдардың заң қызметтері басшыларымен НҚА жобаларын парақтап парафирлеуге қатысты ақпаратын назарға алу.
 
2. Әділет министрлігіне (НҚАТД):
Келістіруші мемлекеттік органдардың заң қызметтері басшыларымен мемлекеттiк тiркеуге жататын НҚА жобаларын парақтап парафирлеуге қатысты қойылатын талаптарды алып тастау туралы ұсыныстарды беру жайында мемлекеттiк органдарға хат жіберу (Үкiметтің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен бекiтiлген НҚА мемлекеттік тiркеу, келісу, рәсімдеу және олардың күшін жою Қағидасының 2-т.)   
Мерзім: 2017 жылдың 25 қыркүйегіне дейін.
IV. Әртүрлі
(Баймолдина, Бижанова, Жантасова)
 
1. Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің басқарушы директоры А.Бижанованың НҚА келісу, қабылдау және жариялау барысында туындайтын мәселелерге қатысты ақпаратын назарға алу.
 
2. Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына:
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 19-бабының 3-тармағының талабының сақталуын қамтамасыз ету, оған сәйкес НҚА жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Мерзім: әрдайым.  
 
3. Орталық мемлекеттік органдарға:
3.1. Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің жеке кəсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобаларын əзірлеу кезінде міндетті түрде тартылуына қатысты «Құқықтық актілер туралы» Заңның 18-бабының талаптарын сақтау бойынша жұмысты күшейту (АКМ, ДСМ, ЕХӘҚМ, МСМ, БҒМ, ЭМ, АШМ. ҚМ, ДІАҚМ).
Мерзім: әрдайым.    
 
3.2. Реттеушілік құралды енгізуді қарастыратын заң жобаларының тұжырымдамалар және оған байланысты талаптар бойынша реттеушілік әсерді міндетті талдауға қатысты Үкіметтің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №907 қаулысымен бекітілген заңнамалық жұмысты уәкілетті органдарда ұйымдастыру жөніндегі Қағиданың 2-тармағының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Мерзім: әрдайым.  
 
3.3. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ресми жауаптарды жіберу тәжірибесін алып тастау.
Келіспеген жағдайда сараптамалық қорытындыға дәлелді дәлелдер жіберу керек.
Мерзім: әрдайым.  
 
4. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» МБ директорының м.а. Р.Н.Жантасованың аналитикалық және әлеуметтік зерттеулердің Бірыңғай деректер базасының сынақ режимінде жұмыс істеуіне қатысты ақпаратын назарға алу.
5. Қорғаныс министрлігі, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің отырысында болмауын атап өту.
 
Кеңес төрағасы 3. Баймолдина