-A A +A

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11685 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 тамыздағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

«Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1-тармағының екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерімен (бұдан әрі - Департамент) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетіледі.»;

5-тармақ келесі мазмұндағы 6-1) тармақшасымен толықтырылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап мынадай негіздер бойынша жолданады:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) онда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) құжаттардың жоқтығы, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің, және мәліметтердің Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдiк ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудiң күшiн жоятын Конвенциямен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алға байланысты көрсетілген қызметті алушының арнайы құқығынан айырылуы негізінде соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.»;

2. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzнің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzнің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықтың НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzнің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі                                                                М.Бекетаев