-A A +A

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы»

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда № 286 «Казахстанская правда» газетте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру ережесінде:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмірінен және осы жер учаскесінің шеңберінде қайталанбайтын бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мынадай үлгіде құралады:

20:015:004:165:1.

мұндағы 20:015:004:165 - жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;

1 - жер учаскесіндегі бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі (коды).

Бастапқы объекті үшін мысал, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1

мұнда 21:320:135:0722 – жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.

1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.»

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмірлер беру»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық нөмірі бастапқы жылжымайтын мүліктің кадастрлық нөмірінен және осы бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің шеңберінде қайталанбайтын кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірінен (кодынан) мына ретте құрылады:

20:015:004:165:1:25

мұндағы:

20:015:004:165:1 – бастапқы жылжымайтын мүлік объектісінің осы ереженің 14-тармағында белгіленген тәртіпте берілген кадастрлық нөміріне сәйкес бөлігі;

25 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.

Кейінгі объекті үшін мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, 199 көшесі, 36-үй, 106-пәтер, мынадай болып жазылады 21:320:135:0722:1:106

мұнда 21:320:135:0722 жер учаскесінің кадастрлық нөмірі.

1 - негізгі құрылыстың реттік нөмірі.

106 - кейінгі жылжымайтын мүлік объектісінің реттік нөмірі.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне

уақытша кадастрлық нөмірлер беру»;

2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттiк тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzнің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң жетекшiлiк ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.