-A A +A

История создания

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) 1994 жылы құрылды. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден жасалған Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) жалғастырушысы болып табылады.

1998 жылы Женевада ГАТТ алтын мерейтойы атап өтілді. Бұл жүйе біржақты іс-әрекеттердің тежеу механизмі арқылы әлемдік сауданы реттеуге арналған, шамамен 50 жыл болды және көпжақты тауар айырбасының құқықтық негізі ретінде өз тиімділігін дәлелдеді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдар әлемдік сауданың айрықша өсуімен ерекшеленді. Тауарлар экспортының өсуі жылына орта есеппен 6% құрады. 1997 жылы сауданың жалпы көлемі 1950 жылдың деңгейінен 14 есе асып түсті.

Жүйе ГАТТ шеңберінде сауда келіссөздер (кезеңдер) сериясын өткізу үдерісінде дамыды. Бірінші кезеңде тарифтерді төмендету мәселесі негізінен талқыланды, бірақ кейіннен келіссөздер демпингке қарсы және тарифтік емес шаралар сияқты басқа да бағыттарды қамтыды.

Соңғы кезең - 1986-1994 жж., «Уругвай кезеңі» д.а. - ДСҰ-ның құрылуына әкелді, ол ГАТТ әрекет жасау өрісін едәуір кеңейтіп, оны қызметтер саудасына және зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілеріне таратты.

Осылайша, ГАТТ тетігі сауданы дамытудың қазіргі кезеңіне жетілдіріліп, бейімделді. Сонымен қатар, ГАТТ жүйесі, іс жүзінде халықаралық ұйым бола тұра, ресми түрде ондай болмады.

Қосымша ақпаратты ДСҰ сайтынан алуға болады: https://www.wto.org/index.htm