-A A +A

«Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 174 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шартқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 174 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шарт жобасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары –Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайылов Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жердің атаулары туралы шартқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                               А. Мамин