-A A +A

ДСҰ-ның негізгі келісімдері

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) 1994 жылы құрылды. Ол Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАТТ) жалғастырушысы болып табылады.
Ресми түрде ДСҰ 1994 жылы Марракештегі конференцияда, Марракеш келісімі деп аталатын ДСҰ құру туралы Келісіммен құрылды.
Негізгі мәтіннен басқа, құжатта 4 қосымша бар:
Қосымша 1А:
Тауарлар саудасы жөніндегі көпжақты келісімдер:
Келісімнің атауы
Қысқаша сипаттамасы
1994 ж. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім.
  
Тауарлар саудасы тәртібінің негіздерін, ДСҰ-ның осы саладағы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды
1997 ж. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім.
Тауарлар саудасы тәртібінің негіздерін, ДСҰ-ның осы саладағы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды
Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісім
Ауыл шаруашылық тауарлар саудасын реттеу ерекшеліктерін және осы сектордағы өндіріс пен саудаға мемлекеттік қолдау шараларының қолдану тетіктерін анықтайды.
Тоқыма және киім жөніндегі келісім
Тоқыма және киім саудасын реттеу ерекшеліктерін анықтайды
Санитарлық және фитосанитарлық нормаларды қолдану жөніндегі келісім.
Санитарлық және фитосанитарлық бақылау шараларының қолдану шарттарын анықтайды
Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі келісім.
Стандарттар, техникалық регламенттер, сертификаттау рәсімдерін қолдану шарттарын анықтайды
Саудаға қатысты инвестициялық шаралар жөніндегі келісім
Шетелдік инвестицияларға әсер етуі мүмкін және ГАТТ III бабына (Ұлттық құрылыс) және XI бабына (Сандық шектеулерге тыйым салу) қайшы келетін сауда саясатының шектеулі шаралар өрісін қолдануға тыйым салады
1994 ж. ГАТТ VII бабын қолдану жөніндегі келісім (тауарларды кедендік бағалау)
Тауарлардың кедендік құнын бағалау ережелерін анықтайды
Жөнелту алдындағы тексеру жөніндегі келісім
Жөнелту алдындағы тексерулерді жүргізу шарттарын анықтайды 
Шығару ережелері жөніндегі келісім
Шығу ережелері тауарлардың шығарылған елін анықтау үшін заңдар, нормативтік актілер мен ережелер жиынтығын білдіретінін анықтайды 
Импортты лицензиялау рәсімдері жөніндегі келісім
Импортты лицензиялау рәсімдері мен нысандарын белгілейді
Көмекқаржы және өтемақы шаралары жөніндегі келісім
Қаражаттандырумен күресуге бағытталған көмекқаржылар мен шаралардың қолдану шарттары мен рәсімдерін анықтайды
1994 ж. ГАТТ VI бабын қолдану жөніндегі келісім (демпингке қарсы)
Демпингке қарсы шараларды қолданудың шарттары мен рәсімдерін анықтайды
Қорғау шаралары жөніндегі келісім
Артып келе жатқан импортқа қарсы шаралардың қолдану шарттары мен рәсімдерін анықтайды
Қосымша 1В:
Қызметтер саудасы
жөніндегі бас келісім
Қызметтер саудасының тәртібін, ДСҰ мүшелерінің осы саладағы құқықтары мен міндеттерін анықтайды
Қосымша 1С:
Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері
жөніндегі келісім
ДСҰ мүшелерінің зияткерлік меншікті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін анықтайды
Қосымша 2:
Дауларды шешудің ережелері мен рәсімдерін түсіну
ДСҰ барлық келісімдері бойынша міндеттерін орындағанына байланысты ДСҰ мүшелері арасындағы дауларды шешу шарттары мен рәсімдерін белгілейді.
Қосымша 3:
Сауда саясатын шолу тетігі
ДСҰ мүшелерінің сауда саясатын шолудың шарттары мен жалпы параметрлерін анықтайды
Қосымша 4:
Барлық ДСҰ мүшелерінің қатысуға міндетті емес көп жақты сауда келісімдері
 
Азаматтық авиатехника саудасы жөніндегі келісім
(осы саладағы сауданы ырықтандыру бойынша тараптардың міндеттемелерін анықтайды)
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім
(шетелдік компаниялардың мемлекеттік мұқтаждықтар үшін ұлттық сатып алу жүйесіне рұқсат рәсімдерін белгілейді)         
Қосымша ДСҰ көпжақты келісімдері туралы ақпаратты ДСҰ сайтынан алуға болады: https://www.wto.org/index.htm