-A A +A

ДСҰ құрылымы

ДСҰ жоғары деңгейдегі шешімдерін Министрлік конференция қабылдайды, ол кемінде екі жылда бір рет жиналады.
Министрлік конференциясының қарамағында ағымдағы жұмыстың атқарылуына жауапты Бас кеңес және Женевадағы штаб-пәтерде жылына бірнеше рет ДСҰ мүшелерінің өкілдері, әдетте елшілер мен қатысушы елдер делегацияларының басшылары құрамында кездеседі. Бас кеңестің басқаруында екі арнайы орган бар: сауда саясатын талдау және дауларды шешу жөніндегі. Бұдан басқа Бас кеңеске сауда және даму жөніндегі; сауда теңгеріміне қатысты шектеулер жөніндегі; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі комитеттер есеп береді.    
Бас кеңес ДСҰ иерархиясының келесі деңгейінде орналасқан үш кеңеске қызметтерді табыстайды: Тауарлар саудасы жөніндегі кеңеске, Қызметтер саудасы жөніндегі кеңеске және Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңеске.
Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, өз кезегінде, ДСҰ қағидаларына сәйкестігін бақылайтын арнайы мамандандырылған комитеттердің қызметіне және тауарлар саудасы саласында ГАТТ-1994 келісімдерінің орындалуына басшылық етеді.
Қызметтер саудасы жөніндегі кеңес ГАТС келісімінің орындалуын бақылайды. Оның құрамына Қаржы қызметтер саудасы жөніндегі комитет және Кәсіби қызметтер жөніндегі жұмыс тобы кіреді.
Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңес тиісті келісімнің (ТРИПС) орындалуына бақылау жүргізуден басқа, сондай-ақ жасанды тауарлармен халықаралық саудаға қатысты жанжалдардың туындауын алдын-алу мәселелерімен айналысады.
Көптеген мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары ДСҰ жүйесінің жеке келісімдері мен қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің мәселелері, ДСҰ кіру тәртібі және аймақтық сауда келісімдері сияқты салаларда мәселелерді шешумен айналысады.
ДСҰ Хатшылығы басқа халықаралық ұйымдардың осындай органдарына қарағанда, шешім қабылдамайды, себебі бұл қызмет мүше елдердің өзіне жүктеледі.
Хатшылықтың негізгі міндеттері түрлі кеңестер мен комитеттерге, сондай-ақ Министрлік конференцияға техникалық қолдау көрсету, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету, әлемдік сауданы талдау және ДСҰ негізгі ережелерін жұртшылыққа және бұқаралық ақпарат құралдарына түсіндіру болып табылады.
Хатшылық сондай-ақ дауларды шешу барысында құқықтық көмек көрсетудің кейбір түрлерін қамтамасыз етеді және ДСҰ мүше болғысы келетін елдердің үкіметтеріне кеңес береді. Бүгінгі таңда мұндай елдердің саны жиырмадан асады.
 
Қосымша ақпаратты ДСҰ сайтынан алуға болады: https://www.wto.org/index.htm