-A A +A

«Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1455 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 1455 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17514 тіркелген, 2018 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адвокаттардың кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартына:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Кәсіптік қателіктер деп мыналар:

1) процестік мерзімдерді өткізіп алу;

2) құжаттарды дұрыс ресімдемеу;

3) шартқа сәйкес заң көмегі көрсетілетін тұлғаға зиян келтіруге алып келген, жасалатын заңдық әрекеттердің салдарлары туралы оған хабарламау;

4) сақтанушы (сақтандырылған тұлға) заң көмегін көрсету үшін клиенттен алған құжаттардың жоғалуы немесе бүлінуі;

5) адвокаттық құпияны құрайтын мәліметтерді құқыққа сыйымсыз жария ету түсініледі.».

2. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!
ОСЫ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ САЙТЫ емес.
РЕСМИ САЙТ Адреске - adilet.gov.kzнің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі                                                                      М. Бекетаев