Сіздердің назарларыңызға ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде тестілеуден өтетін деректер базасының пилоттық болжамы ұсынылып отыр.
Осы жобаның тестілік режимде екенін ескерсек, жүйе жұмысында іркілістер болуы мүмкін, осыған байланысты түсіністікпен қарауларыңызды және деректер базасын тестілеуге белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.
Сіздердің барлық ескертулеріңіз бен тілектеріңіз міндетті түрде қаралатын болады.
Бұдан басқа, көрсетілген деректер базасы анықтамалық сипатта болатынын және ресми жариялау дереккөзі болып табылмайтындығын ескертеміз, өйткені «Нормативтік құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге-де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары ресми басылымдар болып табылады.
Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс айтамыз!
